Диспетчер (09 - 18 сағ): 8 777 207-16-61     Апаттық қызмет (тәулік бойы): 8 747 583-71-34
Казахстанская Ипотечная Компания
Управление жилья и жилищной инспекции по городу Алматы

Тұру ережелері

 

 «АТЛЕТИКАЛЫҚ АУЫЛ»

КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНДЕ

ТҰРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

МЕКЕНЖАЙЫ:  Алматы қ., Алғабас-1 ықшам ауданы

 5/1, 5/2, 5/3 ,5/4, 5/5, 5/6, 5/7, 5/8, 5/9, 5/10, 5/12, 5/13, 5/14, 5/15 ү.

 

  1. Жалпы ережелер.
  2. Тұрғын үй кешенінде ортақ мүлікті пайдалану ережелері
  3. Тұрғын үй кешенінің ғимараттарына қол жетімділік
  4. Тұрғын үй кешені аумағына қол жетімділік және жер асты, жер үсті тұрақтарын пайдалану ережелері
  5. Тұрғын үй кешенінде қоғамдық тәртіпті сақтау
  6. Тұрғын үй кешенінде үй жануарларын ұстау ережелері
  7. Ғимаратта меншік иесі немесе Жалгердің жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу ережелері
  8. Тұрғын үй кешенінің Басқарушы компаниясымен өзара қатынас

 

  1. Жалпы ережелер

 

1.1. «Атлетикалық ауыл» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде аталған тұру ережелері (бұдан әрі – «Ереже») «Атлетикалық ауыл» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде (бұдан әрі «Тұрғын үй кешені») тұратын және өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға арналып, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес дайындалған.

1.2. Ережелерді Тұрғын үй кешенінің кез келген ғимаратындағы Жалгер (жеке немесе заңды тұлға) және басқа да ғимаратты пайдаланушылар, меншік иесінің және/немесе ғимаратты пайдаланушының отбасы мүшелері (оның ішінде, кәмелеттік жасқа толмағандары да бар), қонақтар және басқа да Жалгердің рұқсатымен келген тұлғалар тұрғылықты/тұрғылықты емес ғимаратты, ғимарат шегінде немесе Тұрғын үй кешенінің үй маңы аумағында орындауға міндетті.

1.3. Ереже кешеннің тиімді жұмыс жасауына, Тұрғын үй кешенінің жалпы мүлкін басқаруға, «КомпанияТехСервис» ЖШС (бұдан әрі – Басқарушы компания) жүктелген міндеттерді тиісті түрде орындауды қамтамасыз етуге, Тұрған үй кешенінде тұратын барлық жалгерлер мен тұлғалардың мүддесіне сәйкес ортақ мүлік пен ғимараттың тиісті техникалық, өртке қарсы, экологиялық және санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

1.4. Ережеде пайдаланылған барлық терминдерді аталған терминдер ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңында анықталғандай түсіну керек.

1.5. Ережелер және олардың өзгертулері мен толықтырулары аталған Ереженің 1.1 тармағында көрсетілген барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

1.6. Басқарушы компания өкілдері, тұрғын үй кешенінің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Тұрғын үй кешені аумағындағы барлық тұлғалардан Ережені сақтауды талап етуге құқылы.

1.7. Аталған Ережеде қарастырылған талаптарды және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтамау 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға, сонымен қатар, әкімшілік, азаматтық, тіпті қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін.

1.8. Басқарушы компания қолданыстағы заңнамада қарастырылған өз құзыреті шегінде Ережелердің сақталуын жалпы бақылауды жүзеге асырады, Ережелердің немесе басқа да нормалардың бұзылуының алдын алуға бағытталған шаралар қолданады.

1.9. Аталған Ереже пайдалану қызметтерін көрсету келісім-шартының ажырамас бөлігі болып табылады және Басқару компания істерінде сақталады, онымен жұмыс уақытында аталған Ереженің 1.1 тармағында көрсетілген барлық тұлғалар таныса алады және олар Басқарушы компания анықтаған белгілі орында қосымша орналастырылуы мүмкін (үй подъездерінің холлдарында хабарландыру тақтасында).

2.0. Тұрғылықты ғимараттарда газ баллондары, бензин, жарылғыш, өрт қауіпті, тез тұтанатын, күйдіргіш және басқа да денсаулыққа қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға қатаң тыйым салынады.

 

 

  1. Тұрғын үй кешенінде ортақ мүлікті пайдалану ережелері.

 

2.1. Тұрғын үй кешеніндегі ортақ мүлікті тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жағдайларда ғана пайдалануға болады. Ортақ орындарға: ортақ қолданылатын орындар (бірден артық үй иесіне қызмет көрсететін баспалдақ торлары, баспалдақтар, лифт, лифті және басқа да шахталар, дәліздер, шатыр, қоршау және салмақ түсірмейтін құрылымдар); инженерлік-техникалық құрылғылар (механикалық, электрлік, сантехникалық және басқа да ортақ ғимарат ішінде немесе одан тыс орналасқан бірден артық ғимаратқа қызмет көрсететін құрылғылар); үй маңы аумағы (көгалдандыру және абаттандыру элементтері бар жанаса орналасқан жер телімдері), сонымен қатар, жылжымайтын мүліктің бірегей кешеніне қызмет көрсетуге арналған және пайдаланылатын басқа да нысандар жатқызылады.

2.2. Ортақ қолданылатын орындарда ғимараттың тұтастығын бұзатын немесе оның құрылымын өзгертетін қандай да бір жұмыстарды жүргізуге, сонымен қатар, оларды қайта салуға немесе тұрғын үй кешенінің қандай да бір ортақ қолданылатын орындарын жоюға тыйым салынады. Ортақ пайдаланатын орындарға, олардың ішіне қандай да бір қоршаулар мен оның элементтерін орнатуға тыйым салынады.

2.3.  Ортақ қолданылатын орындарда және Тұрғын үй кешенінің үй маңы аумағында қандай да бір өндірістік, коммерциялық, жарнама, кәсіпкерлік және басқа да пайда алу немесе коммерциялық мақсаттағы кәсіби қызметті, бөлшек сауданы жүргізуге, сауда автоматтарын орнатуға, ҚР заңнамасымен тыйым салынған саяси немесе діни насихат жүргізуге рұқсат етілмейді.

2.4. Меншік иелерінің жеке хабарландыруларын тек арнайы жабдықталған (жеке хабарландыруға арналған) тақтаға ғана орналастыруға болады, оларға міндетті түрде байланыс деректемелерін көрсетіп Жалгер қол қоюы керек. Құпия хабарландыруларды орналастыруға болмайды. Хабарландыру мазмұны әдеп, мораль және қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес болуы керек.

2.5. Тұрғын үй кешеніндегі ортақ мүлікті пайдаланатын кез келген шаруашылық әрекетті тек Басқарушы компанияның ортақ мүліктің бөлігін пайдалану туралы оң шешімін алған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады. Осындай шаруашылық қызметті ұйымдастыру үшін жауапкершілік Басқарушы компанияға жүктеледі.

2.6. Қандай да бір заттарды Тұрғын үй кешенінде ортақ пайдаланылатын орында немесе үй маңы аумағында сақтау немесе қалдыруға (Басқарушы компания шешімімен сәйкес мақсатта бөлінген орындардан басқа) тыйым салынған. Ғимараттың тұрғылықты немесе тұрғылықты емес бөлмелерінде жөндеу-құрылыс, апаттық немесе басқа да жұмыстар жүргізген жағдайда Басқарушы компания сәйкес уақытша рұқсат беруі мүмкін.

2.7. Кез келген жағдайда барлық эвакуация жолдары, оның ішінде өрт шығыстары пен көп пәтерлі үйлер баспалдақтары, Тұрғын үй кешенінің өрт кірістері/шығыстары қандай да бір заттарды сақтау немесе қоймалау үшін қолданылмайды.

2.8. Ортақ пайдаланылатын орындарда газ баллондарын, бензин, жарылғыш, өрт қауіпті, тез тұтанатын, күйдіргіш және басқа да денсаулыққа қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға қатаң тыйым салынады.

2.9. Балалардың қол арбаларын, самокаттар, велосипедтер,  ойыншықтар және басқа да жеке мүліктерді баспалдақ алаңдарында, подъезде, ортақ пайдаланылатын орында, жер асты гаражы немесе үй маңы аумағында жабдықталған ашық жер үсті тұрағында, жаяулар жүретін жолда, газонда немесе арнайы қолданылатын жерлерден басқа  ортақ қолданылатын орындарда қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

2.10. Көп пәтерлі үйде немесе үй маңы аумағында иесіз қалған немесе күдікті заттарды тауып алған жағдайда оларға тиіспестен Басқарушы компанияға немесе сәйкес шаралар қолдану үшін қауіпсіздік қызметіне хабар беру керек.

2.11. Тұрғын үй кешенін басқарушы компания және қауіпсіздік қызметі үш иелері көп пәтерлі үйдің ортақ қолданылатын орындарында немесе  үй маңы аумағында қалдырып кеткен жеке мүліктерінің жоғалуы, жойылуы, бүлінуі немесе ұрлануы үшін жауапты болмайды.

2.12. Ғимаратты жалға алған Жалгерлердің қосымша радио және телевизиялық антенналар, кондиционерлер, желдеткіштер мен басқа да құралдарды ғимараттан тыс орнатуы, оның ішінде, көп пәтерлі үйдің қабырғасының сыртқы бетіне (қасбет) орнатуына меншік иесімен келіспеген жағдайда тыйым салынады.

2.13.  Қандай да бір заттарды (оның ішінде, киімдер, кілемдер, аспалар және т.б.) ғимараттың сыртқы жағына, яғни терезеге, есікке, қабырғаларға, балкон шегінен тыс жерге ілуге тыйым салынады. Үйдің меншік иесімен және Басқарушы компаниямен алдын ала келіспеген жағдайда балкондарға жаппа орнатуға, балкондар мен лоджияларды әйнекпен қаптауға тыйым салынады.

2.14. Барлық тұрмыстық қалдықтар осы мақсатқа арнайы арналған орында және арнайы қаптамада (қоқыс қапшығы) кәдеге жаратылуы керек. Барлық ірі ауқымды қоқыстар мен қалдықтар, жарамсыз жиһаз, тұрмыстық техника, қаптама ыдыстары арнайы бөлінген қалдықтарды жинау орнында кәдеге жаратылуы керек. Құрылыс-жөндеу, қайта жоспарлау, әрлеу материалдарын алмастыру жұмыстары жүріп жатқан ғимараттың Жалгері осындай жұмыстар қалдықтарын кәдеге жаратуды Басқарушы компания қол қойған келісімге сәйкес толықтай өз есебінен қамтамасыз етеді.

2.15. Қоқыстар мен қалдықтарды Тұрғын үй кешенінің осы мақсатта арнайы қарастырылған орындарынан басқа жерге қалдыруға қатаң тыйым салынады.

2.16 . Қатты тұрмыстық қалдықтарды (оның ішінде, ұсақ қоқыс, темекі және шырпы қалдығы, шүберектер, қағаз сулықтар және т.б.), құрылыс ерітінділерінің қалдықтары мен басқа да сәйкес келмейтін сұйықтықтарды (бояу, қышқыл, сілті, бензин, солярка, май т.б.) пәтердің және ортақ пайдаланатын орындардың сантехникалық және кәріз құбырларына ағызуға болмайды. Ортақ пайдаланылатын орындардағы аталған ережені бұзу салдарынан кез келген істен шыққан құралды жөндеу жұмыстары осындай бұзылу орын алуына себепші болған Жалгер есебінен жүргізіледі. Бұл жағдайда басқарушы компания осындай құрылғының істен шығуы бойынша сәйкес шара қолдану үшін акті жасайды.

2.17. Үй маңы аумағында өз бетінше кез келген қазу жұмыстарын жүргізуге болмайды, сонымен қатар, ағаштар мен бұталарды кесуге, гүлдерді жұлуға, газондардың шөпті жабынын бұзуға болмайды. Тұрғын үй кешені аумағында және ортақ пайдаланатын орындарда өсімдіктер отырғызу және көбейту үшін (гүлдер, ағаштар,  бұталар және басқа да жасыл көшеттер) Басқарушы компаниямен отырғызу жоспарын алдын ала келісу керек.

ЕРЕКШЕ ШАРТТАР:

Аталған ережелердің 2 тармағын бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ол алдағы уақытта ауладағы балалар алаңдарын абаттандыру үшін қолданылатын болады.

 

 

  1. Тұрғын үй кешенінің ғимараттарына қол жетімділік.

 

3.1. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

3.2. Апатты немесе басқа да төтенше сипаттағы жағдайларда сәйкес мемлекеттік қызметтер өкілдері, Тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясының өкілдерінің Тұрғын үйдің кез келген ғимаратына қол жетімділік құқығы болады.

3.3. Техникалық коммуникациясы бар әрбір ғимарат Жалгері (электрлік және өрт шкафтары, жылыту және сумен қамту вентилі) компаниямен аталған ғимаратқа қол жетімділік кестесін құруға немесе апатты немесе төтенше жағдайда кіру үшін кілттің көшірмесін беруге міндетті болады. Кілттердің көшірмелері Басқарушы компания сейфінде сақталады, ол олардың сақталуына жауапты болады.

3.4. Басқарушы компанияның лауазымды тұлғалары және қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері (оның ішінде, күзет қызметкерлері) ғимараттар Жалгерлерінен немесе оларға  арналған кілттерді, пакеттер, ақша немесе басқа да мүлікті қабылдауға міндетті болмайды; бұл жағдайда тапсырған тұлға осындай мүліктің жоғалуы немесе жойылуы мүмкін жазатайым жағдай үшін жауапты болады.

3.5. Жалгерлердің ортақ үлестік меншіктің жекелеген бөліктеріне (бірінші кезекте, адам өмірі мен денсаулығына қауіп жоғары немесе үйдің тіршілікке қажетті жүйелерінің қасақана емес істен шығу қаупі бар орындар: электрлік қалқандар, бойлер, лифт шахталары, техникалық ғимараттар, шатыр т.б.) қол жетімділігі тұрақты немесе уақытша негізде шектелуі мүмкін. Қажет болған жағдайда Тұрғын үй кешенінің Басқарушысы Басқарушы компанияның лауазымды тұлғасымен бірге немесе қауіпсіздік қызметі қызметкерімен бірге кіруге рұқсат беруі мүмкін.

3.6. Тұрғын үй кешені аумағына мемлекеттік құрылымдар өкілдері мен лауазымды тұлғалардың өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысындағы қол жетімділігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған және оған сәйкес реттеледі.

3.7. Тұрғын үй кешені аумағына кіру және ғимараттарға қол жетімділік Жалгердің немесе оның сенімгер тұлғасының  тікелей нұсқауы бойынша ғана қамтамасыз етіледі. Бір реттік келу (кіру) үшін Жалгердің немесе оның сенімгер тұлғасының Басқарушы компанияға немесе қауіпсіздік қызметіне (жеке немесе телефон арқылы нұсқау беруші дұрыс сәйкестендірілген жағдайда) нұсқау беруі немесе Жалгердің техникалық құралдар көмегімен (домофон, прокси-карта) қамтамасыз етуі арқылы мүмкін болады. Бірнеше мәрте келу үшін белгіленген үлгідегі рұқсаттама дайындалады.

3.8. Тұрғын үй кешені мен ғимараттар ауданына заңсыз кіру (қол жетімділік) алдын алу үшін қақпалар, есіктер магнитті, кодты құлыптармен тәулік бойы жабық болуы керек (бұл жағдайда жүйе жұмысқа жарамды болуы тиіс). Аталған тармақтың орындалуын бақылау күзет қызметіне жүктеледі.

 

 

  1. Тұрғын үй кешені аумағына қол жетімділік және жер асты, жер үсті тұрақтарын пайдалану ережелері

 

4.1. Тұрғын үй кешенінің аумағына кіру/шығу және тұраққа қою тәртібін реттеу мақсатында келесі кіру/шығудың рұқсаттама режимі белгіленген: А. Жеке және жалдамалы автокөлік үшін (жүкті, тауарды жеткізу, құрылысшылар бригадасын әкелу үшін) УАҚЫТША РҰҚСАТТАМА беріледі, ол аумаққа тұрақ құқығын бермейді, алайда,  кіру/шығу, арту/түсіру жұмыстары құқығын береді. Аумақта болу уақыты күзетте рұқсаттамаға тапсырыс бергенде келісілуі керек. Рұқсаттаманы шлагбаум күзетшісі кіру кезінде беріп, шығу кезінде алады.

4.2. Жедел медициналық жәрдемнің немесе басқа да апатты қызмет автомобильдерінің Тұрғын үй кешені аумағына қол жетімділігі кедергісіз болады. Такси автокөліктері кіре алмайды.

4.3. Тұрғын үй кешенінің аумағында тұрақ тек арнайы бөлінген орында ғана жүзеге асырылады: автокөлікті трансформатор подстанциялары, өрт шығыстары орналасқан аймаққа қоюға қатаң тыйым салынған. Ереженің аталған тармағын бұзған кінәлі тұлға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қате қойылған автокөлікті мәжбүрлі эвакуация автокөлігі аталған ереженің Ү бөлім, 3 тармағын бұзып қойылған меншік иесі есебінен жүзеге асырылады (немесе Тұрғын үй аумағына кіргізген Жалгер).

4.4. Тұрғын үй аумағында орналасқан тұрақты барлық орын иелері тек автокөлікті қою және сақтау үшін ғана пайдалануы керек. Тұрақты қоймалау үшін қолдануға тыйым салынады. Автокөліктердің меншік иелері автокөліктерін аталған көлік орнын айқындайтын шектеу сызығы шегінде қоюы керек.

4.5 Үй маңы аумағында Тұрғын үй кешенінің тұрғындарына жоғары қауіп төндіретін мотоцикл, мотороллер, мопед және басқа да құралдармен жүруге тыйым салынады.

4.6. Тұрғын үй кешенінің қоршауы ішіндегі жылдамдық шектеуі – 5 км/сағат. Автокөліктердің жоғары шулы қозғалысы мен Тұрғын үй кешені аумағында дыбыстық сигналдарына тыйым салынады.

4.7. Тұрғын үй кешенінің Басқарушы компаниясы және қауіпсіздік қызметі автокөліктен жеке заттардың жоғалуы немесе ұрлануы үшін жауапты болмайды.

4.8. Тұрғын үй кешенінің қоршауының тұтастығы, өткізу режимі тәртібі, кіру қақпалары немесе бақылау-өткізу механизмдерінің бұзылуы бойынша барлық жағдайда Ереженің 1.1 тармағында көрсетілген тұлғалар Тұрғын үй кешенінің Басқарушы компаниясына және/немесе күзет қызметкерлеріне сәйкес шара қолдану үшін хабар беруі керек.

 

 

  1. Тұрғын үй кешенінде қоғамдық тәртіпті сақтау

 

5.1. Тұрғын үй кешенінде тұратын немесе осында келген тұлғалар басқа тұлғалардың құқықтарын бұзатын, оның ішінде, олардың жеке өмірі, тыныштығы мен демалысына қатысты қандай да бір әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

5.2. Ғимаратты және Тұрғын үй кешені аумағында жалпы құрылыс-жөндеу немесе басқа да жоғары шу көзі болып табылатын, мысалы, перфоратор, тескіштер, бұрғылар, балғалар пайдаланатын жұмыстарды жүргізуге жұмыс күндері сағат 9:00 – 13:00 және 14:00 – 18:00 аралығында, сенбі күні сағат 10:00 – 13:00 аралығында ғана рұқсат етіледі. Құрылыс шуымен байланысты кез келген жұмыстарды сағат 18:00 кейін жүргізуге және демалыс, мереке күндері жүргізуге қатаң тыйым салынады.

5.3. Сағат кешкі 21:00 бастап таңертеңгі 9:00 дейін кез келген дыбыс шығаратын құрылғылар және шуы көп пәтерлі үй тұрғындарының тыныштығын бұзуы мүмкін басқа да құралдарды пайдалануға болмайды.

5.4. Көп пәтерлі үйдің ішінде ортақ қолданылатын орындарда және балалар алаңында темекі шегуге қатаң тыйым салынады.

5.5. Көп пәтерлі үйде терезеден, балконнан және лоджиядан қандай да бір заттарды лақтыруға тыйым салынады.

 

  1. Тұрғын үй кешенінде үй жануарларын ұстау ережелері

 

6.1. Үй жануарларын ұстау нормалары ҚР қолданыстағы заңнамасымен белгіленген.

6.2. Жануарларды Тұрғын үй кешенінің аумағында қыдыртуға болмайды, үй маңында жануарларды қолда немесе жіпке байлап ұстау керек, жіптің ұзындығы оны сенімді бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Ірі иттер мен сайыскер тұқымды иттерді ортақ пайдаланатын орында тұмылдырықта және қысқа жіппен байлап ұстау керек.

6.3. Үй жануарларын үйдің айналасындағы аумақта қыдыртатын иелері міндетті түрде өз күшімен немесе өз есебінен жануарлардың артынан тазалауы керек.

6.4. Тұрғын үй кешенінің аумағында жануарларды заңсыз ұстау және қолданыстағы заңнаманы бұзу фактілері туралы сәйкес органдарға хабар беру міндеті Басқарушы компанияға жүктеледі.

6.5. Қаңғыған жануарларды үй маңындағы аумақта тамақтандыруға қатаң тыйым салынады. Сәйкес шараларды қолдану мақсатында Тұрғын үй кешенінің үй маңы аумағында қаңғыған жануарлардың пайда болуы туралы дереу басқарушы компанияға хабар беру керек.

 

  1. Ғимаратта меншік иесі немесе Жалгердің жөндеу-құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу ережелері

 

Үй ғимараттарында жөндеу-құрылыс жұмыстарын бастау алдында міндетті түрде Тұрғын үй кешенінің басқарушы компаниясымен келісіп, келісімін алу керек (Тұрғын үй кешені аумағында осындай жұмыстарды жүргізуге қол жетімділік акті, нысан жоғары қауіп және басқарушы компаниямен қатар сәйкес қызметтер (ТЖ, МАСК т.б.) тарапынан тұрақты техникалық бақылау нысаны болып табылады).

7.1. Жөндеу-құрылыс жұмыстарын бастауға рұқсатты Басқарушы компания Меншік иесі келесі құжаттарды ұсынғаннан кейін береді:

–  меншік құқығы немесе жалға алу құқығы туралы куәліктің көшірмесі;

–  уәкілетті органның ғимаратты қайта жабдықтауға және (немесе) қайта жоспарлауға рұқсаты;

– пәтердің меншік иесінің ғимаратты қайта жабдықтауға және (немесе) қайта жоспарлауға рұқсаты.

7.2. Жалгер жөндеу-құрылыс жұмыстарын бастаудың алдында және жөндеу-құрылыс жұмыстары барысында өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтаудың қажетті шарттарын қамтамасыз етуі тиісті, оның ішінде, ғимаратта өрт сөндіргіш пен басқа да өрт сөндіру құралдарының болуын қамтамасыз етуі керек.

7.3. Тұрғын үй кешенінде Жалгердің өзіне тиесілі ғимаратты қайта жабдықтау құқығы көршілеріне сыйлы қатынасты сақтау міндетімен үздіксіз байланысты болады. Оның ішінде:

– Жалгер міндеттері:

– шулы, шаңды, өткір иіс шығатын жұмыстарды жүргізудің режимін сақтау;

– лифт холлдарында және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау;

– құрылыс материалдарын ортақ пайдаланатын орындарды ластамастан және тосқауылдамастан түсіру және қоймалау, құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату;

– өзінің мердігерлері мен құрылысшылардың, жұмысшылардың белгіленген рұқсат режимін (1 қосымша), қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздікті, сонымен қатар, Тұрғын үй кешені аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауын мұқият қадағалау.

7.4. Жөндеу-әрлеу немесе басқа да ғимараттағы жұмыстар нәтижесінде ортақ қолданылатын орынға келтірілген кез келген зиян (бұрыштарының бұзылуы, лифтідегі, қабырғалардағы сызаттар т.б.) осы жұмыстарды орындаушы есебінен жойылуы тиісті, ал осындай өтем мүмкін болмаған жағдайда ғимарат жалгері есебінен өтелетін болады.

7.5. Басқарушы компания актісін ресімдеуі және Ережелердің бұзылуы Басқарушы компанияның ғимаратта жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуді актіде көрсетілген кемшіліктерді жою үшін қажетті мерзімге уақытша тоқтату туралы өкім шығаруына негіз болады.

7.6. Ірі ауқымды материалдарды, жиһаздарды әкелу-әкету және осымен байланысты арту-түсіру жұмыстары 9:00 бастап 18:00 дейін жүргізіледі.

7.8. Құрылыс материалдарын және жиһаздарды тасымалдау (тасу) дәліздер мен баспалдақтарда жүзеге асырылады, құрылыс материалдары мен ауқымы ірі жиһаздарды жолаушы лифтімен тасымалдауға қатаң тыйым салынады.

7.9. Ірі ауқымды заттарды енгізу/шығару барысында міндетті түрде лифт холлдары мен дәліздердің едені мен еден жабындарын, есіктер мен есік ойықтарын сақтау және есік жақтаулары, лифт есіктері мен кабиналарын қорғау қажет болады.

7.10. Ортақ қолданылатын орындарға қандай да бір жеке мүлікті тасымалдау, ірі ауқымды немесе ауыр заттарды шығару/енгізу салдарынан келтірілген зиян осындай жұмыстарды орындаушы есебінен, ал осындай өтеу мүмкін болмаған жағдайда ғимарат жалгері есебінен өтеледі.

 

  1. Тұрғын үй кешенінің Басқарушы компаниясымен өзара қатынас

 

8.1. Басқарушы компанияның немесе қызмет көрсететін ұйымдар жұмысына қатысты шағымдар/наразылықтар, сонымен қатар, басқа ғимараттардың Жалгерлеріне қатысты наразылықтар Басқарушы компанияның басшылығына жазбаша түрде тапсырылады. Наразылықтар 10 күн мерзім ішінде қарастырылады; шешім және/немесе қолданылған шара туралы «Наразылық» авторына мұнда (наразылықта) көрсетілген байланыс телефоны арқылы хабарланады.

8.2. Қызмет көрсететін ұйымның жұмыстары мен қызметтерінің барлық түрлеріне, сонымен қатар, қосымша қызметтерге өтініштер Басқарушы компанияға (жұмыс уақытында), апатты жағдайда Басқарушы компанияның тәуліктік кезекші қызметкеріне келесі номерлер арқылы беріледі

 

+7-777-207-16-61 – күндіз

 

+7-747-583-71-34 – жұмыстан тыс уақытта

(Апаттық қызмет)