Диспетчер (09 - 18 сағ): 8 777 207-16-61     Апаттық қызмет (тәулік бойы): 8 747 583-71-34
Казахстанская Ипотечная Компания
Управление жилья и жилищной инспекции по городу Алматы

Тұрғындарға үндеу

 

Құрметті Атлетикалық ауыл тұрғындары!

  Біз сіздерді 2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында өткен 28 қысқы Универсиаданы өткізу үшін арнайы салынған заманауи тұрғын үй кешені – Атлетикалық ауылда қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Біздің ауыл 14 тұрғын үйден және коммерциялық аймақтан құралған, аталған аймақ құрамына: полиция пункті, Алатау ауданының ХҚКО, Жастар орталығы, банк бөлімшесі, емхана және медициналық орталық, фитнес орталық, супермаркет, Қазпошта бөлімшесі, нотариус және әр түрлі дүкендер мен сервистер орналасқан. Кешеннің инженерлік жүйелері қауіпсіздік пен тіршілікті қамтамасыз етудің барлық талаптарына сәйкес келеді, ол қазақстандық мемлекеттік органдардың және FISU (халықаралық студенттер спорты федерациясының) комиссиясының бірнеше мәрте тексеруімен расталған. Кейбір құрылғылар арнайы осы тұрғын үй кешені үшін дайындалған және Қазақстанда аналогы жоқ.

  «Атлетикалық ауыл» тұрғын үй кешені ғимараттар мен құрылыстар кешенінің ажырамас бөлігі болып табылады, оның құрамына суперзаманауи «Алматы-Арена» стадионы да жатқызылған. Тұрғын үй кешенінің бірегей сәулеткерлік кескінін сақтау үшін балкондар мен лоджияларды әйнекпен қаптау және бірегей жоба бойынша қорғаныш торларын орнату қарастырылған. Аталған шешімді орындауды бақылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу «КомпанияТехСервис» ЖШС жүктелген.

  Атлетикалық ауыл – Алматы мен Алатау ауданының визит картасына айналған бірегей кешен және біз сіздердің көмектеріңізбен ол өзінің қайталанбас әдемілігін сақтап қана қоймай, ұзақ жылдар бойы тазалық пен тәртіптің үлгісі болып қалады деп үміттенеміз.