Диспетчер (09 - 18 сағ): 8 777 207-16-61     Апаттық қызмет (тәулік бойы): 8 747 583-71-34
Казахстанская Ипотечная Компания
Управление жилья и жилищной инспекции по городу Алматы
Бірінші қабаттарда жөндеу жұмыстары аяқталды
- 20.12.2017 в 11:01

Құрметті тұрғындар!

Тұрғын үй кешенінің барлық 14 үйінде 1 қабаттың фойесінде  кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын аяқтадық. Ендігі кезекте 1 қабаттан жоғары лифтінің алаңдарын сырлаймыз. Осы жұмыстарды аяқтағаннан кейін біз баспалдақтарды жөндейміз.



Алматы Арена алдындағы жаяу жүргіншілер көпірі туралы өтінішке жауап
- 12.12.2017 в 10:48

ответ на обращение по поводу пешеходного моста



Электр энергиясына тарифті төмендету
- 24.11.2017 в 10:09

Құрметті тұрғындар!

Электр энергиясының жеке шоттары ашылды, қарашадан бастап электр қуаты төмен тариф бойынша есептеледі (16тг). Желтоқсан айында  төмен тариф бойынша жаңа түбіртек келеді. Қазан (қазір төлеп жатқан түбіртек) ескі тариф бойынша есептелінді. Жеке шоттар  кешіктіріліп ашылғаны үшін кешірім сұраймыз, бірақ бұл жерде біздің кінәміз жоқ.



1 үй жөндеуден өтті!
- 16.11.2017 в 12:34

Құрметті тұрғындар! 1-ші үйдің 1-ші қабатындағы фойеде жөндеу жұмыстарын аяқтадық. 2-қабатқа дейін су эмульсиялы бояумен қабырғаларды сырладық, ластануға бейім аймақтарды сұр бояуымен боядық. Фотосуреттер ілінді. Ортақ меншікті қамқорлықпен,таза және ұқыпты ұстауларыңызды өтінеміз.



Өсімпұлды есептеу.
- 08.11.2017 в 10:02

Құрметті тұрғындар!

Қарашадан бастап біз 30 күннен астам комуналдық қызметтерге қарызы бар тұрғындарға өсімпұл қоса  бастаймыз. Мысалы, егер борыш 10 000 теңге болса, өсімпұл  әр кешіктірілген күн үшін берешек сомасының 1% = 100 теңге x 30 күн = 3000 теңге. Өсімпұл келісім шарттың 5.3-тармағында көзделген. Қарыздарға жол бермеулеріңізді өтінеміз.



ӨРТ
- 02.11.2017 в 12:56

Құрметті атлетикалық ауыл тұрғындары! 4-ші үйде болған өртке байланысты біз туындаған сұрақтарға жауап бергіміз келеді. 1. Пәтерде жалға алушылар тұрған,  көршілердің айғақтарына сәйкес олар үнемі жанжалдасып және ішімдікті көп пайдаланған. Сол түні олар тағы да жанжалдасып ішімдік ішкен, себебі жанып тұрған пәтерден құтқарылған әйел мас болды. Алдын ала бағалау бойынша, өрт абайсыз әрекет нәтижесінде орын алды (Шылым шегіп қоқысқа лақтырып,өшірмей ұйықтап қалған көрінеді) 2. Өрт сөндіру жүйесі  шынымен де жұмыс істемеді және жұмыс істей алмады, себебі ол тек Универсиада үшін орнатылды. Сіздердің пәтерлеріңізде және подъезде орнатылған қондырғылар (датчиктер, дауыс зорайтқыштар, басқару шкафтары және т.б.)  ЖШС «Спорт құрылымдары дирекциясы»-ның  иелігінде, қазіргі кезде ішінара ұрланған және сондықтан жұмыс істемейді.  ЖШС «КомпанияТехСервис» қызметіне өрт дабылы мен ескерту жүйелеріне техникалық қызмет көрсету кірмейді. 3. Жөндеу жұмыстарын кім жүргізеді?  Өрт сол пәтерде тұратын адамның кінәсінен болғандықтан, зиян шеккен адамдар ЖШС «КомпанияТехСервис» -ке келіп  Акт толтырып  және сотқа өтініш беру үшін офисіне жолығуы тиіс.  Барлық шығындарды кінәлі адам өтеу қажет – ол пәтер жалға алушы. Бірақ ол үшін оның ерікті келісімі немесе сот шешімін керек. Біз ешкімге ештеңе істемейміз. Қорытындылай келе, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударғымыз келеді. Әсіресе – газ баллондарын пайдалануды болдырмау, балкондарда қоқыс жинамау, балкондардан темекі тастамау. Газды қолдану фактілері және тұру ережесін бұзған басқа да фактілер болса бізге хабарлауларыңызды сұраймыз.

 



Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
- 27.10.2017 в 08:37

Құрметті тұрғындар! Сіздерге коммуналдық қызметтерді әр айдың 25-не дейін төлем жасауларыңызды сұраймыз. Егер кеш төленетін болса автоматты түрде дебиторлар санатына түседі. Ол тізімнен өзіңізді алып тастау үшін, төлем туралы түбіртекті WhatsApp +77051292543 жіберуге тиіссіз.



Сайттын ашылуы
- 24.10.2017 в 23:04

«Атлетикалық ауыл» тұрғын үй кешенінің құрметті тұрғындары! Біздің сайтымыздың жұмысы басталды. Біз сіздерге ыңғайлы болу үшін, стандартты құжаттар мен жиі қойылатын сұрақтарға жауап жазып қойдық. Әр айдың басында «Қарыздар» беті жаңартылатын болады – 30 күннен аса берешегі бар тұрғындар сонда жазылады. Бізге төлем туралы түбіртектің суретін жіберіп, тізімнен алып тастауға болады. «Ұят тақтасы» бетінде тұрғылықты жердегі қоғамдық тәртіп ережелерін бұзған және әдепсіз, ұятсыз адамның суреті мен бейнежазбасы жарияланады. Біз ескертулер мен ұсыныстар үшін ризамыз. Ескертулер мен ұсыныстар үшін ризашылығымызды білдіреміз.