Құрметті атлетикалық ауыл тұрғындары! 4-ші үйде болған өртке байланысты біз туындаған сұрақтарға жауап бергіміз келеді. 1. Пәтерде жалға алушылар тұрған, көршілердің айғақтарына сәйкес олар үнемі жанжалдасып және ішімдікті көп пайдаланған. Сол түні олар тағы да жанжалдасып ішімдік ішкен, себебі жанып тұрған пәтерден құтқарылған әйел мас болды. Алдын ала бағалау бойынша, өрт абайсыз әрекет нәтижесінде орын алды (Шылым шегіп қоқысқа лақтырып,өшірмей ұйықтап қалған көрінеді) 2. Өрт сөндіру жүйесі шынымен де жұмыс істемеді және жұмыс істей алмады, себебі ол тек Универсиада үшін орнатылды. Сіздердің пәтерлеріңізде және подъезде орнатылған қондырғылар (датчиктер, дауыс зорайтқыштар, басқару шкафтары және т.б.) ЖШС «Спорт құрылымдары дирекциясы»-ның иелігінде, қазіргі кезде ішінара ұрланған және сондықтан жұмыс істемейді. ЖШС «КомпанияТехСервис» қызметіне өрт дабылы мен ескерту жүйелеріне техникалық қызмет көрсету кірмейді. 3. Жөндеу жұмыстарын кім жүргізеді? Өрт сол пәтерде тұратын адамның кінәсінен болғандықтан, зиян шеккен адамдар ЖШС «КомпанияТехСервис» -ке келіп Акт толтырып және сотқа өтініш беру үшін офисіне жолығуы тиіс. Барлық шығындарды кінәлі адам өтеу қажет – ол пәтер жалға алушы. Бірақ ол үшін оның ерікті келісімі немесе сот шешімін керек. Біз ешкімге ештеңе істемейміз. Қорытындылай келе, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударғымыз келеді. Әсіресе – газ баллондарын пайдалануды болдырмау, балкондарда қоқыс жинамау, балкондардан темекі тастамау. Газды қолдану фактілері және тұру ережесін бұзған басқа да фактілер болса бізге хабарлауларыңызды сұраймыз.